Қазақстанда Олимпиада чемпионын баптаған жаттықтырушыларға пәтер берілмейді. ҚазАқпараттың жазуынша бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім еткен.
"2015 жылдан бастап, Үкімет бюджет қызметкерлерінің жалақыларын 40 пайызға жоғарылатады. Меніңше осымен болды. Жоғары деңгейлі спортшыларды жаттықтыратын бапкерлерге жақсы жалақы алуға мүмкіндік бар. Біріншіден, Олимпиада жеңімпазын баптаған жаттықтырушы спортшымен бірге 250 мың доллар алады. Екіншіден, өмірінің соңына дейін ақшалай төлемақы алып тұрады. Сондықтан жаңа заң біздің бапкерлерге жағдай жасайды деп ойлаймын", - деген өз сөзінде Т. Есентаев.
Қамшы-ақпарат